Көк тудың желбірегені

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімі «Нұр Отан» партиясына 20 жыл тоуына орай «Көк тудың желбірегені» атты мерекелік іс-шара өткізді. Шараға Алматы қалалық мәслихат депутаттары Нүрия Исмагиловна Ниязова, Фарида Мерхамитқызы мен «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұханқали Тұрашұлы Алмасаев қонаққа келді.

Мерекелік шарада Батима Полищук «Қазағым», Светлана Токабаева «Туған өлке», Аспеткүл Айтжанова «Туған жер», Владимир Умеров «Айналдым елім» өлеңін айтты.

Кеш соңында мүмкіндігі шектеулі жандар депутаттарға өздерінің көкейтесті сауалдарын қойды. Депутаттар Елбасының қазан айында жолдаған
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ атты жолдауында «...Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс» – деген сөзін тілге тиек етіп, бүгінде Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аударылып жатқанын айтты.

Бөлісу: