Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды

 «Алатау» дәстүрлі өнер театрының көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімі  7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, сондай-ақ, 9 мамыр – Жеңіс күні аясында «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» атты іс-шара өткізді.

Мерекелік іс-шара соғыста қаза тапқан аталарымыздың рухына тағзым етіп, үнсіздік рәсімімен еске алды. Қатары сиреп бара жатқан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары берілді. Сонымен қатар, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Тәуелсіз еліміздің ұландарын мерекемен құттықтады.

Шараға жиналған қауымға С. Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңінің желісімен көрініс ұсынып, «Первым делом самолеты», «День Победы» әндерін ишарат қимылымен орындады. Мерекелік шараны тамашалаған көрермен газет беттерінде жарияланған мақалалармен танысып, гүл шоқтарын қойды.

Кеш соңы жастар арасында қол күрес және арқан тартыстан жарыс ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

Бөлісу: