Ел қорғаған ерлерім

Бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, сондай-ақ, 9 мамыр – Жеңіс күні аясында «Ел қорғаған ерлерім» атты іс-шара өткізді.

Іс-шара Мемлекетіміздің әнұранымен ашылып, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, үнсіздік рәсімімен еске алды. Концерттік бағдарламаны жүргізген – бөлім қызметкері Батима Полищук құттықтау сөз сөйлеп, қатары сиреп бара жатқан соғыс ардагерлеріне алғысын білдірді.

Шара «Атамұра» ансамблі «Бақтыбай» күйін күмбірлете шертсе, көркемдік жетекшісі – Федор Зражевский болып табылатын «Қаламқас» вокалдық ансамблдің орындауында «Вальс победы», «На побывку едет молодой солдат», «Бейбіт ән тілегі» әндерін орындады.Өнерпаздарының соғыс тақырыбындағы әндерімен бірге Г. Хмырова «Последний день войны» және де А. Бейсембаева «Над курганом» өлеңдерін айтты. Сонымен қатар, «Соловьи Алатау» орыс хоры «Катюша» әнін айтып концертке келген көрермен де қосыла шырқады.

Көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Ғ. И. Әділханов «Журавли», «Солдат» әндерін орындап, концертті түйіндеді.

Бөлісу: