"Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрының көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімі "Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне" орай іс-шара өткізді.

«Атамұра» қазақ халық аспаптар ансамблі «Ыңғай төк» күйін, ансамбль жетекшісі А. Жаңабаев «Самалтау», «Қазақ тарихы», «Армандастар» вокалдық ансамблінің әншісі Е. Дүйсембиев «Қазақтай ел қайда» , «Отан – ана» әндерін орындады. Шараға қонақ ретінде қатысқан Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ақын, Мәдениет қайраткері А. Т. Тоқтағанов осы іс-шараны өткізуге мұрындық болған Театр басшылығына алғысын білдірді.

Бөлісу: