Сүйікті менің – Елордам

 

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімінде, есту мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлерге арналып «Сүйікті менің – Елордам» атты мерекелік шара өтті. Жүргізушілер Ардақ Мұсанова мен Лаура Королева көрермендерге Нұр-Сұлтан қаласының қарқынды дамып келе жатқанын баяндай келе, жиналған қауымды келе жатқан айтулы мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шарада көрермен назарына өмірден алынған «бір-бірімізді құрметтейік» деген сипатта шағын көріністер қойылды. Елорда тарихына байланысты көрермендерге қызықты викториналық сұрақтар қойылып, әндер шырқалды.

Нұр-Сұлтан – Қазақстан тәуелсіздігінің тұғыры. Қарқынды дамып келе жатқан Елорданың абыройы асқақтай берсін!

Бөлісу: