Ғазизхан Ибрайханұлы мерейлі 60 жаста

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ғазизхан Ибрайханұлы Адильханов мерейлі 60 жасқа толып, шығармашылық концертін өткізді. Театр басшысы Дәлел Зейнешұлы Уәшев ұжым атынан 40 жылға жуық өнер саласында қызмет етіп келе жатқан Ғазизхан Ибрайханұлын айтулы датасымен құттықтап, иығына қазақы салтпен шапан жапты.

Ары қарай, мәдени кеш ұжымның, қонақтардың құттықтауымен, той иесіне арналған алғыс хаттарымен жалғасын тауып, концерт барысында «Соловьи Алатау», «Қаламқас» топтары ән шырқап, «Атамұра» аспаптық ансамблі күй орындады.

 

Бөлісу: